«Ұлттық киімді ұлықтау»

2023 жылғы 17 наурызда Жаратылыстану жоғары мектебінің педагогикалық информатика бағыты бойынша  білім беру бағдарламасының оқытушылары Г.Д.Кастеева мен С.Т.Еренғайыпов «Математика-информатика», «Физика-информатика», «Информатика» мамандықтарының 2 және 3 курс білімгерлерімен  «Ұлттық киімді ұлықтау» атты тәбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының  мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасының үйлесімділігі туралы айта отырып, білімгерлердің ұлттық сана-сезімін ояту. Ұлттық кімдердің түрлерімен жете танысып, осы тақырыпқа байланысты ойындар ойнатылды.