«Қош келдің – Әз Наурыз»

Наурыз айының 21 жұлдызында І.Жансүгіров атындағы ЖУ дәстүрлі Наурыз мерекесін тойлауға арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша БББ оқытушылары да келді. Іс-шараға оқытушылар жыл сайынғы дәстүрмен қазақ халқының ұлттық киім үлгілерін киіп, оны жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында, Наурыздың шынайы мән-мағынасы мен тәрбиесін көрсету үшін керемет жадыраңқы көңіл-күймен белсене қатысты. Аталған шарада мерекелік концерт ұйымдастырып, ақ дастархан жайылды.