Курс

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 6-18 наурыз аралығында біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының базасында «Актуальные проблемы нотариальной деятельности в Казахстане: вопросы теории и практики» бағдарламасы бойынша Жетісу облысының нотариустары үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Біліктілікті арттыру бағдарламасына сәйкес мұрагерлік құқық, меншік құқығы, нотариаттық практикада отбасы заңнамасын қолдану, атқарушылық жазба жасау, міндеттемелер туралы жалпы ережелер мәселелері қаралды. Курсты Жетісу университетінің Құқық және экономика Жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері, заң ғылымдарының кандидаты, Жетісу облысының Нотариаттық палатасының тәртіптік комиссиясының мүшесі, Жетісу облысының заң консультанттары палатасының мүшесі, медиатор-жаттықтырушы Чингаева Бахтыгүл Кененсарықызы өткізді. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.