«Білім берудің заманауи мәселелері: жаңғырту және инновация» тақырыбында  халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2023 жылдың 16 наурызы күні Ресей Федерациясы, Екатеринбург қ, Уральск мемлекеттік педагогикалық университетінде онлайн режимде «Білім берудің заманауи мәселелері: жаңғырту және инновация» тақырыбында  Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның «Бастауыш жалпы білім берудің өзекті мәселелері» деп аталатын секция жұмысына Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті педагогика және психология жоғары мектебі профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттар қатысып, баяндама оқыды.

«Бастауыш жалпы білім берудің өзекті мәселелері» деп аталатын секция модераторы философия докторы PhD, педагогика және психология жоғары мектебінің ғылыми жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Г.С. Майлыбаева болды.