«4К моделі: сыни ойлауды, шығармашылықты, қарым-қатынасты және ынтымақтастықты өлшеу құралы ретінде» тақырыбында халықаралық коучинг-семинар

2023 жылдың 14 наурызында Педагогика және психология жоғары мектебі, Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері білім беру бағдарламалары ұйымдастыруымен «4К моделі: сыни ойлауды, шығармашылықты, қарым-қатынасты және ынтымақтастықты өлшеу құралы ретінде» тақырыбында халықаралық коучинг-семинар өтті.

Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруда теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Іс-шара оффлайн және онлайн форматта болды.

Семинарға білім беру мекемелерінің басшылары, әдіскерлер, орта мектеп педагогтары, Педагогика және психология жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы, «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының білімгерлері, магистранттары және докторанттары қатысты.

Нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдері Отандық және шетелдік озық мамандардың  заманауи тәжірибесімен танысты.