Ғылыми жобалар

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру аясындағы ғылыми жобалары

Философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а. (доцент) Жакипбекова Сауле Сотиялдиновна «Жоғары білім беруді жаңғырту жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалардың білім беру үдерісін ұйымдастыру және сүйемелдеу» жобасының жетекшісі болып табылады. Іске асыру жылдары – 2022-2024 жж. Қаржыландыру сомасы – 59 млн. тг.

Жобаның мақсаты – жоғары оқу орнының инклюзивті мәдениеті тұжырымдамасында ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғаларға білім беру процесін кешенді ұйымдастыру және сүйемелдеу тетігін әзірлеу және апробациялау.

Осы кезеңде ҒЗЖ орындау барысында келесі ғылыми нәтижелер алынды: жоғары оқу орнында ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалардың білім беру процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеудің теориялық-әдіснамалық негіздері анықталды. Отандық және шетелдік ғалымдар Жахина Ш.Ж., D’Arcy, L. Leišytė, R. Deem, Benet A., Муллер О.Ю., Айсмонтас Б.Б., Одинцова М.А., Оспанбаева М.П., Курманова С.Н., О.А. Денисова, Леханова О.Л., Симаева И. Н., Хитрюк В.В. және т.б., еңбектері зерделеніп, соның негізінде зерттеу тобының мүшелері ЖОО-да ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалардың білім беру процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеудің теориялық-әдіснамалық негіздеріне аналитикалық шолу жасады.