НАШАҚОРЛЫҚ ҚОҒАМ ДЕРТІ

Сәуір айының төртінші жұлдызы 125 аудиторияда Журналистика және ақпарат БББ-ның ЖҚ211 тобымен «Нашақорлық қоғам дерті» тақырыбы аясында кураторлық сағат өтті. Тәрбие сағатының басты мақсаты – нашақорлықтың себеп-салдарымен күресіп, оның алдын алу.

Шарада куратор топтағы әр білімгерге темекі, арақ, қорқор және есірткі заттарының – адам өміріне жақсылық әкелмейтіні туралы түсіндірді. Сондай-ақ, зиянды әдеттерден аулақ болып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Нақтылар болсақ, нашақорлықпен есірткі адам баласы алғашында  қызығушылықпен бастайды. Кейіннен, сол әрекетке қалай тәуелді болып қалғанын сезбей қалады. Салдарынан депрессия, бақытсыздық, мазасыздық және өз-өзіне  сенбеушілік пайда болатыны ақиқат. Бұл жаман ғадет өз-өзін бағаламайтын  және өзгені тыңдай алмайтын адамдарға тән. Аталған жағдайларды жою ұзақ процесс. Сондықтан да жас буын өздерін Қазақстанның болашағы екендігін түсіне отырып, нашақорлыққа қарсы іс-әрекет жүргізуі тиіс. Тәрбие сағатының негізгің түйіні осы. Өзекті тақырыптың шеңберінде білімгерлер нашақорлық пен есірткі саудасына байланысты өздерінің ой-пікірлерін жеткізіп, одан ада жүрудегі игі ұсыныстарын ортаға салды.

Әйгерім Нұрланқызы,  ЖҚ211 топ білімгері