ЖАСТАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

2023 жылғы 11 сәуірде Жаратылыстану жоғары мектебінің педагогикалық информатика бағыты бойынша  білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері Г.Д.Кастеева «Математика-информатика», «Физика-информатика», «Информатика» мамандықтарының 2 курс білімгерлерімен  «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» атты тәбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының  мақсаты: Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы ақпарат беру, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алу. Арнайы бейнебаян мен жинақтаған материалдарымен бөліскен, көкейдегі сұрақтарға жауап табылған басқосу болды.