Ашық дәріс сабағы

24.04.2023 ж. Жаратылыстану жоғары мектебінің, Жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламасының PhD, оқытушы-дәріскері Д.М. Мукашева 6В01507 – «Химия-Биология» мамандығының 3 курс 311 ХБҚ тобымен «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясының мазмұны және құрылысы, оны оқыту әдістемелері» атты тақырыптаашық дәріс сабағын өткізді: Сабаққа SMART мақсат құрылған: Сабақтың  мақсаты: Студенттер өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясының мазмұнын, құрылысын және оны оқыту әдістемелерін айқындайды, талдайды және қорытындылап тұжырым жасайды. Сабақтың SMART мақсаттары:  1. Қазіргі кездегі ақпараттық технология мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, білімгерлер шығармашылық дербестікке жетеді; 2. Әдістемелік әдебиеттерді талдай келе қысқа мерзімді сабақ жоспарын және ұзақ мерзімді сабақ жоспарын құрастырады;  3. Озық педагогикалық технологияларды пайдалану негізінде  білімгерлердің теориялық-практикалық білім-біліктері тереңдейді және  кәсіби құзыреттілігі қалыптасады. Ашық сабақ зерттеушілік әдісімен жүзеге асты. Оқытушы зерттеушілік әдістің негізгі бағыты – ғылыми таным әдістерімен қамтамасыз ету, білім алушылардың шығармашылық әрекетін дамыту және осы кезде білім алушылар зерттеу тапсырмаларын орындай отырып, зерттеушінің рөліне енеді дейді. Сабақта және оқытудың белсенді әдістері де пайдаланылды:3DObject Viewer бағдарламасы,Джигсо әдісі, Мерсердің зерттеуіне сәйкес – диалогтік оқыту барысындағы зерттеушілік әңгіме әдісі, топтық жұмыс, постер, үштілді оқыту жүйесі, Kahoot, Блум таксономиясы, рефлексия. Сабаққа  гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің даярлау бағыты бойынша академиялық комитетінің төрайымы Шыныбекова Айжан Сахановна және магистр, құқық саласы бойынша оқытушы-дәріскер Жуниспаева Айнур Бауржановна, Жаратылыстану ғылыми бағыты бойынша БББ профессор-оқытушылар құрамы  қатысты. Ашық дәріс сабағы Жоғары оқу орнына сай және жоғары деңгейде өтті.