КӘРІС ТІЛІНЕН ШЕШЕНДІК ӨНЕР ЖАРЫСЫ 

2023 жылы 14 сәуір күні  гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебінің  шетел тілі және аударма ісі  БББ студенттері арасында Кәріс тілінен шешендік өнер жарысы  өтті. Бұл жарыс 2 бөлімнен  тұрып,жеңімпаздарға 1,2,3 жүлделі орындар мен ақшалай сыйлық берілді. Бірінші бөлімде 15 студент жазбаша жұмыс өткізу арқылы ,сараптамадан өтіп, екінші бөлімге 8 студенттің жұмысы алынды.

Жазбаша жұмыстарды  7 сәуірге дейін тапсырып, қазылар алқасымен 14 сәуірде жарыс өткізілді. Қазылар алқасы Талдықорған қаласындағы кәріс тілі центрінің ұстазы Ан Ынми және кәріс тілінің оқытушысы  Ли Эмма. 3 және 4 курс қатысушы студенттері және 2-3 курс қолдаушы студенттер болды.Әрбір студент өзінің кәріс тілді меңгеру деңгейін,шешендік өнерін көрсетті. Әділ бағалау арқылы 4 орын иегерлері анықталды.

Жарыс өткізілгеннен кейін,кешкі уақытта ұстаздар мен қатысушылар бірге кафеге жиналып,  кәріс елінің әртүрлі тағамдарын дәмін татып көрді.Сол жерде жарыстың жеңімпаздары марапатталды.  I орын игері 3 курс студенті Серікқызы Аружан,16 000 теңге мөлшерде ақшалай сыйлық ұтып алды. II орын 3 курс студенті Қасымхан Айым  алып, 14 000 теңге ұтып алды. 4 курс студенті Ғибрат Еркегүл мен 3 курс студенті Асқарқызы Мөлдір III орын иегерлері атанды, 10 000 теңге ақшалай сыйлық алды.