Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙҒА ЭКСКУРСИЯ

2023 жылдың 22 сәуірінде орыс тілі мен әдебиеті бағдарламасының оқытушылары Есимкулов Б.Н., Сералиева Н.Ж. және Абайдельданова М.К. Ш.Уәлиханов атындағы мұражайға «Орыс тілі мен әдебиеті» БББ-ның  2 курс студенттеріне арналған экскурсия ұйымдастырды.

Ұлы этнограф Шоқан Уәлихановтың мемориалдық мұражайы Жетісу ауданындағы Шанхай ауылдық округінде орналасқан. Мұражай 1985 жылы Ш.Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуына орай жерленген жерден бірнеше шақырым жерде ашылған.

Қазіргі уақытта мұражайлық маңызы бар материалдардың саны 1015 экспонат, оның ішінде 757 экспонат қордың негізің құрайды. ҚР Мемлекеттік Орталық музейі, ҚР Ұлттық кітапханасы мұражайға Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптарды сыйға тартты. Атақты жерлесіміздің қызметіне қатысты материалдардың көшірмелері де Ресей мұрағаттарынан жеткізілген.

Осы саяхаттың арқасында студенттер ғалым өмірінен бұдан да қызықты деректермен танысып, құнарлы жеріміздің сұлулығы қызылордалық студенттерге өшпес әсер қалдырды.