Мастер-класс

2023 жылдың 27 сәуірінде Туғанбаев Халелдің қонақ дәрісі өтеді.

Туғанбаев Халел, 13 жылдық жұмыс тәжірибесі бар білікті қазақстандық заңгер, 8 жыл бойы екі Үлкен төрттік компанияларында (PwC & KPMG) басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Оған қоса, Англия мен Уэльс заңнамасы бойынша жұмыс істейтін Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген халықаралық заң фирмасының директоры болды.

Халел Туғанбаев Amazon, Google, Cisco, PepsiCo, Toyota, Asia Auto, Samsung, Henkel, Berlin-Chemie, Oriflame, Faberlik, Stada, Unilever, Самұрық Қазына, Қазақстан Темір Жолы, Baiterek, Lancaster Group, Heidelberg, ForteBank, Shinhan Bank, KCell, Estée Lauder және т.б. компанияларға құқықтық кеңес беріп, оларды қазақстандық соттарда және халықаралық төреліктерде құқықтарын қорғады.

Халел Туғанбаев қазақстандық заңнаманы әзірлеуге белсенді қатысады, мысалы, Акционерлік қоғамдар туралы Заң, Бағалы қағаздар нарығы туралы Заң, Төрелік туралы Заң және т. б. 2018 жылдан 2020 жылға дейін Халел Дүниежүзілік Банктің сарапшысы болды Нотариат туралы Заң, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заң, және т. б.

Халелдің соңғы жобаларының бірі қазақстандық тау-кен компаниясына 350 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз беруге қатысты Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкіне (ЕҚДБ) консультация беру болып табылады. Сондай-ақ, Халел Eurasian Resources Group компаниясына жер қойнауын пайдаланушы компаниясына 3 млрд АҚШ доллары сомасына қарыз беру жөнінде кеңес берді.

Қазіргі уақытта Халел американдық Денсаулық сақтау компаниясының заң департаментінің басшысы болып табылады, сонымен қатар КИМЭП университетінің сот даулары, корпоративтік құқық, Шарттық құқық, Кәсіпкерлік құқық және т. б. пәндер бойынша штаттан тыс аға оқытушысы болып табылады.