«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша ХV Республикалық пәндік олимпиада

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 6В01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша ХV республикалық пәндік олимпиадасы 2023 жылдың  20-21 сәуір күндері өтілді.

Олимпиадаға Республиканың 13 жоғары оқу орнынан студенттер командалары  келіп қатысты, атап өтсек,  Сулейман Демирель атындағы университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Абай  атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, М. Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы  халықаралық қазақ-түрік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық  қыздар педагогикалық университеті, Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті.

2023 жылдың 20 сәуір күні олимпиаданы университетіміздің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор, философия докторы (Phd), қауымдастырылған профессор Бауржан Рысбекұлы Таубаев  құттықтау сөзімен ашты.

Бағдарламаға сәйкес, бірінші күн 2 кезеңнен тұрды.

1-ші кезең «Біз жаңа формация тәрбиешісіміз» атты топтардың таныстырылуы, 2-ші кезең Капитандар сайысы: педагогикалық жағдаяттарды шешу.

Сонымен қатар, қонақтарға университеттің материалдық –техникалық базасымен, лабораторияларымен, сот залы, кітапхана, университет мұражайы, бассейн және т.б таныстырылып, қала бойынша экскурсия жүргізілді. Студенттер үйінде кешкі іс-шарамен жалғасын тапты.

21.04.2023 жылы олимпиаданың екінші күні «Интеллектуалды марафон» (мектепке дейінгі педагогика, балалар психологиясы, әдістемелер бойынша тест) тапсырудан басталды.

Келесі кезең «Балабақшадағы шеберхана» оқу процесіндегі ойын технологиялары қаламыздың № 8 «Күншуақ» балабақшасы, №11 «Құлыншақ» аралас балабақшасында жалғасын тапты.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі 1 –ші орынды 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Knowlegde шыңдары» студенттер командасы жеңіп алды.

Жүлделі 2-ші орын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Бала үні» командасы мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Erudite»  командасына берілді.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Білім керуені» командасы, Семей қаласының «Шәкәрім атындағы университетінің «Көзайым» командасы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Рухты ару» командасы  жүлделі 3-ші орынды иеленді.

Сонымен бірге ЖОО университет ректорлары мен команда жетекшілеріне, төрелік еткен әділқазылар алқасының мүшелеріне Алғыс хаттар, жеке номинациялар бойынша бағалы  сыйлықтар табыс етілді.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша ХV республикалық пәндік олимпиаданы жоғары дәрежеде өтуіне қолдау көрсеткен университеттің Ректорына, басқарма мүшелеріне, университет кәсіподақ филиалына және  педагогика және психология жоғары мектебінің ұжымына алғысымызды білдіреміз.