Кураторлық сағат

27.04.2023 ж дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы-ассистенті А.Жаңабай университеттің академиялық адалдық саясатымен тереңірек таныстыру, оның талаптарын білімгерлерге толық жеткізу мақсатындабастапқы әскери дайындық білім беру бағдарламасының 3 курс білімгерлерімен кураторлық сағат ұйымдастырды. Білімгерлер академиялық саясаттың қамтыған он принциптерін (парасаттылық,адалдық,ашықтық,теңдік,шындық,сенімділік,объективтілік,әділдік,білім алушының құқықтары мен бостандығын құрметтеу,жауапкершілік) жекелеп талдады.

Бейнеге сілтеме:

https://youtu.be/wxalVj7tGu4