ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2023 жылдың 27 сәуір күні жаратылыстану жоғары мектебінде ғылыми семинар өтті. Семинарда PhD, оқытушы-дәріскер Е.Н.Гаврилова «Докторлық диссертацияны қорғаудың ережелері мен кезеңдері» тақырыбында баяндама жасады. Семинардың мақсаты – докторанттарды докторлық диссертацияны қорғауға байланысты құжаттамаларды рәсімдеу талаптарымен таныстыру. Семинар барысында докторанттарға докторлық диссертацияны және соған байланысты құжаттарды рәсімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, 8D01502 Физика БББ докторанттарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша баяндамалары тыңдалды.