РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

27 – 28.04.2023 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің (Қарағанды қ.) базасында өтетін 6В01601-Тарих білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақ» газеті және ұлттық тарих» («Қазақ» газетінің 110-жылдығына орай) атты XV Республикалық пәндік студенттік олимпиадасы  өтті. Олимпиадаға  барлығы республика бойынша 16 жоғары оқу орынынан қатысты.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінен «6В01601-Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша 1 және 2 курс студенттері Абжапар Диас, Асылбекұлы Абзал, Ақыт Нұрмұхамет, Айдынқызы Дильназ респуликалық олимпиадаға барды. Республикалық олимпиадада «Жаңашыл топ» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Калиева Бекзат Тынысбековнаға «Алғыс хат»  табысталып, жарысқа қатысқандары үшін сертификат берілді.

Білімгерлерді республикалық пәндік  олимпиадаға дайындап, көмек көрсеткен  Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша БББ оқытушыларына алғысымыз шексіз.