Серік Әбдірайымов атындағы байқау жүлдегері

ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің  ұйымдастыруымен Серік Әбдірайымовтың туғанына 80 жыл толуына орай Республикалық студенттер, жас ғалымдарға арналған шығармашылық сайыс мәресіне жетті. Жазушы, журналист, аудармашы, очерк жанрының майталманы Серік Әбдірайымовтың тәжірибеге толы өмірі мен журналистикаға сіңірген еңбек жолын баршаға үлгі ету мақсатында өткізілген шараға Серік Әбдірайымовтың отбасы демеушілік жасады.

Еліміздің әр өңірінен дарынды болашақ журналистер ЕҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС, ЕҢ ҮЗДІК БАСПАСӨЗ МАТЕРИАЛЫ, ЕҢ ҮЗДІК МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ЖОБА, МЕДИАДИЗАЙН ӨНЕРІНІҢ ҮЗДІК ТУЫНДЫСЫ атты номинациялар бойынша бақ сынасты.

Байқауда баспасөз материалы бойынша сайсқа сайысқа түскен Жетісу университетінің журналистика және ақпарат білім беру бағдарламасының ЖҚ-211 топ студенті Баймұхан Гүлнұр, PhD доктор Каримова Бибігүл Жұмашқызының жетекшілігімен «Ең үздік баспасөз материалы» атты номинация бойынша 3-орын жүлдегері атанды.

Байқауға ұсынылған баспасөз материалы https://jambylinfo.kz және https://alash24.kz сайттарына жүктелген. Білімгер Гүлнұр Баймұханды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Баспасөз материалына сілтеме: