ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП

17 мамыр күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі ҚТӘ-411 және ҚТӘ-412, МҚТӘ4-413 тобының білімгерлері өндірістік іс-тәжірибе бойынша қорытынды есеп тапсырды. Білімгерлер 2023 жылдың 9 қаңтарынан – 13 мамырға дейін созылған өндірістік іс-тәжірибеден өтті. Игерген жаңа дағдыларымен, тәжірибелерімен, сондай-ақ, кездескен қиындықтармен қорытынды конференцияда  бөлісті. Конференцияға өндірістік іс-тәжірибені бағалау комиссиясы және оқытушылар  Р.О.Асылова, Д.С.Ансабаев,  Г.Т.Шүкенай, Г.Т.Сырлыбаева, Г.С.Сулейменова, М.Б.Тумабаева, М.Т.Разбекова  қатысып, бағалап, қорытынды жасады.