Семинар

«Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердің заманауи әдіс-тәсілдері» семинар

2023 жылғы 19 мамырда гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде  «Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердің заманауи әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара «Central Asian Law: legal culture and business environment in Central Asia» https://www.centralasianlaw.lu.se/cal-project жобасы аясында ұйымдастырылды.

Аталған жоба бойынша 2023 жылдың 01 наурызы мен 30 сәуірі аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қызметкерлері ғалым хатшы, т.ғ.к. Н.К.Байғабатова және «Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми кызметкері, магистр Ә.Б. Қашағанова Швейцарияның Цюрих университетінде 2 айлық ғылыми тағылымдамадан өтті  https://www.isek.uzh.ch/de/ethnologie/Mitteilungen/Mitteilungen/Guests-at-ISEK—Social-Anthropology-Spring-2023-2.html.

Семинар барысында спикерлер тағылымдама нәтижелерімен бөлісіп, әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердегі жаңа әдістер бойынша workshop өткізді. Іс-шараға әлеуметтік-гуманитарлық бағытындағы білім беру бағдармасының  оқытушылары қатысты.