Облыстық ғылыми-зерттеу жобалары конкурсы

30.05.2023 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жаратылыстану жоғары мектебінде. Жетісу облысы мектептерінің бітіруші (9, 10, 11 сыныптар) оқушылары арасында ғылыми – зерттеу жобаларының облыстық конкурсы өтті. Конкурстың мақсатты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және ақпараттық технологиялар мен робототехника саласындағы білімге деген қызығушылығын анықтау және дамыту. Ⅰ орынды  №20 лицей мектебінің оқушылары Еранталов Ердос, Ким Тимур «Разработка системы для управления IoT-датчиками извещения об утечках газа и возникновении пожара» атты жобаларымен иеленді, Ⅱ орынды Үшарал қаласының №2 орта мектебінің оқушысы Серікбосын Балғын «APP inventor бағдарламасында Әліппе мобильді қосымшасын жасау» және Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің оқушысы Иматаев Сұлтанғали «Ақылды жылыжай» жобасымен, Ⅲ орынды Үшарал қаласының №1 орта мектебінің оқушысы Сұлтан Бекзада «Lazer Safety mechanism» және №20 лицей мектебінің оқушылары Жүнісхан Аяулым, Асқарқызы Сабина «Робот бармен», А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебі оқушылары «MIT APP INVENTOR ортасында мобильді қосымша құру» атты жобасымен ұтып алды.