Жұмаділ Есдаулетовтың 90 жылдық мерейтойына арналған аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция

2023 жылдың 01 маусым күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылы, Ақтерек орта мектебінде осы мектептің 1973 жылғы түлегі І.Жансүгіров атындағы ЖУ, жаратылыстану жоғары мектебі, қауымдастырылған профессор (доцент), п.ғ.к. Тасболатова Рыскүл Байтұрсынқызының ұйымдастыруымен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты мектеп оқушыларының, жас мұғалімдердің бойында туған елге, туған жерге деген құрмет, сүйіспеншілік және т.б. патриоттық сезімдерді тереңірек ұғындырып, одан әрі дамытуға бағытталған.

Сонымен бірге осы мектепті 30 жыл басқарған халық ақыны Есдаулет Қандековтың ұлы марқұм Жұмаділ Есдаулетовтың 90 жылдық мерей тойы қарсаңында «Өнегелі өмір» деген атпен ұстаздар академигінің өмірі мен қызметтік жолына, Жұмаділ ағаймыздың замандастары – ұлағатты ұстаздарымызға арналған кең мазмұнды, терең ойлы, өскелең ұрпаққа үлгілі боларлықтай. Алматы облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының Жамбыл ауданы бойынша бөлім басқармасы Адемова С.С.-ның қатысуымен жоғары дәрежеде өтті деп бағаланды.