«ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ»

Мемлекет басшысы алға қойған міндет қоғамдық ұйымдардың жергілікті жерлерде құзыретті органдармен жұмысының негізіне айналды. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің күшеюіне байланысты «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арнайы әзірленген мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ең бірінші пункті жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Осы орайда қысқы емтихандарға байланысты ШТҚ 211 тобы Эдвайзері Доскельдина Айдана Серікболқызымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тәрбие сағатын өткізді. Білімгерлер ойларын ашық білдіріп, біздің заманда, жастар арасында жемқорлық деген азайды, біздер орта жасқа келгенде тіпті мемлекет төңірегінде жемқорлық түбегейлі жойылады деген пікірлерін айтты.