Бағыттау конференциясы

2024 жылғы 12 желтоқсан күні физика-математика факультетінде ФПҚ-411, МҚ-411, ФИҚ-411, МР-411 топтарының практикаға жіберілетін студенттеріне арналған бағыттау конференциясы өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерді практикадан өтуге дайындау, олардың міндеттері мен тапсырмаларын түсіндіру, сондай-ақ кураторлар мен серіктес ұйымдармен өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерімен таныстыру болды.