










16 желтоқсан – Қазақстан республикасының Тәуелсіздік күніне орай талантты жастардың басын қосқан «UZDIK» өнер байқауы өтті. Үш бағыт бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздарға ақшалай жүлде қоры табысталды.
Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев жеңімпаздарды марапаттап, өнер жолында тіледі.
“Бүгінгі шара жас өнерпаздардың шығармашылық қабілетін дамытуға, жаңа есімдерді қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр» — деді ректор өз сөзінде.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар алдағы уақытта да жалғасын тауып, талантты жастарды қолдауға бағытталатын болады.
Дода жеңімпаздары өнерімен көпшілікті тәнті етіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Үш бағыт бойынша анықталған үздіктер:
«Үздік вокал» бағыты бойынша:
• 1-орын: Тәуімбетұлы Ақтілек
• 2-орын: Михайлова Арина
• 3-орын: Мұратқызы Амина
«Үздік аспап» бағыты бойынша:
• 1-орын: Жайлаухан Әділет
• 2-орын: Зәди Арайлым
• 3-орын: Айдарбекова Жанбота, Долтаев Саян
«Үздік хореография» бағыты бойынша:
• 1-орын: Абжаппар Еркежан, Берікжанқызы Ақерке
• 2-орын: Әли Жазира, Әмір Әйгерім
• 3-орын: Жетпісбай Айару, Қанат Арай
#ЦУР #ТДМ #SDG





