
Гуманитарлық факультет Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы жұмыс беруші мекемелермен тығыз шығармашылық байланыс жүргізеді. 2024 жылдың 20 желтоқсаны күні Талдықорған қаласы М.Жұмабаев атындағы № 19 орта-мектеп гимназиясы ұйымдастырған «Ұлт мұратын ұлықтаған ұлы тұлға — Мұхамеджан» атты әдеби-танымдық шарада Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, PhD Г.И.Ишкалова «М.Тынышпаевтың тарихи мұрасы» атты тақырыпта баяндама жасады. Дәстүрлі түрде 13 жыл қатарынан өткізілген «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты облыстық бағдарлама аясында Қ.К.Замзина басшылық ететін аталған мектеп-гимназия 5 дүркін Гран-при иегері болып табылады. Ұлт зиялысының тарихи мұрасын насихаттауға арналған шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өскелең ұрпақ бойына отансүйгіштік, адалдық, зерттеушілік, еңбекқорлық, шыншылдық қасиеттерін ұялатты. «Тарих» мамандығы жайлы ақпарат беріп, таныстырылым өткізді.

