

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 6B03201 – Журналистика 4 курс білімгерлері оқу жоспарына сәйкес 2024-2025 оқу жылының 13.01-26.04 аралығында өндірістік практикадан өтуге жіберілді. Олар Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасқан БАҚ-пен құзырлы мекемелердің баспасөз қызметінен білігін шыңдауға мүмкіндігі бар. Өндірістік іс-тәжірибенің бағыттау конференциясында студенттер өздеріне жүктелген міндеттермен танысып, ұйымдастыру жұмыстары туралы мағлұмат алды. Журналистика кафедрасының оқытушылары білімгерлерге тәжірибе барысында кәсіби этика мен стандарттарды сақтауды қадап жеткізді. Сондай-ақ, жаңалықтар жазу, репортаж дайындау, сұхбат жүргізу сияқты журналистік қызметтің негізгі дағдыларын терең меңгеруге ерекше назар аударуға кеңес берілді. Бастысы болашақ түлектер аталған мерзім ішінде БАҚ беттеріне кем дегенде 5 материал жарыққа шығаруы қажет.