Жетісу университетінің комплаенс-офицері Кабыкенов Болат Жаксылыкович пен «Педагогика және психология» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кездесуі

28.01.2025 ж. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің комплаенс-офицері Кабыкенов Болат Жаксылыкович пен «Педагогика және психология» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кездесу болды.

Кездесу барысында комплаенс-офицер профессор-оқытушыларға Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заңына тоқтала отырып, сыбайластыққа қарсы қандай әрекет жасау керегін түсіндіріп өтті.

Факультет профессор-оқытушылар құрамы да өз ойларын қосып, сыбайластыққа қарсы бірлесе отырып жұмыс жасайтынын айта кетті.