Педагогикалық практика барысы

03.02.2025 ж. «Физика» БББ 3 курс білім алушысы Нұрберген Елдана «Тербелмелі қозғалыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ педагогикалық практика аясында ұйымдастырылып,  оған Еркін ауылындағы Есжан Берлікожаұлы атындағы №11 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі және физика-математика кафедрасының оқытушы-дәріскері Ә.Б. Абдулаева қатысты.

Сабақ барысында тербелмелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалар арасындағы байланысқа, сондай-ақ осы шамаларды анықтау үшін математикалық формулаларды қолдануға ерекше назар аударылды. Елдана материалды өте жақсы меңгергендігін және сыныппен жұмысты ұйымдастыра алатындығын көрсетті.

Оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнатылып, әрбір тапсырма бойынша сындарлы кері байланыс берілді, бұл сабақтың жоғары бағалануына себеп болды.