Физика-математика факультетінің 6В01505 — «Информатика» білім беру бағдарламасының ИР-311 тобының студенті Ким Руслан педагогикалық практика барысында Талдықорған қаласындағы №28 ІТ лицейінде 8 «Е» сыныбымен «Continue циклімен басқару» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында интербелсенді тақта мен түрлі интернет-ресурстар тиімді пайдаланылды. Оқушылар жеке тапсырмалар орындау арқылы жаңа тақырыпты толық меңгерді. Сабақ қызықты өтті. Оқушылардың белсенділігі жоғары болып, олар өзара пікір алмасып, бағдарламалау негіздерін тереңірек түсінді. Мұғалімнің оқушылармен кері байланысы жақсы жолға қойылып, сабақтың нәтижелілігі артты.
Практика жетекшісі: А.К. Қойшыбекова

