І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күніне арналған дөңгелек үстел өтті. «AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалының бірлесуімен өткен жиында ғылымдағы әйелдердің рөлі, олардың жетістіктері мен болашақ даму жоспарлары талқыланды.
Іс-шара барысында «ZHANSUGUROV COLLEGE»-нің арнайы пәндер оқытушысы Уклинова Каршыга Едиловна «AMANAT» партиясының атынан Алғыс хатпен марапатталды.
