ЖАС ҒАЛЫМ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕНІМПАЗДАРЫ!

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесі бойынша І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жас ғалымдарының төмендегі 7 жобасы Ұлттық ғылыми кеңес тарапынан мақұлданып, жүзеге асыру үшін қаржыландыруға ие болды. Олар:

Жаратылыстану-техникалық факультеті Жаратылыстану пәндері кафедрасының оқытушы-дәріскері Ыбраймжанова Лаура Кайролдаевна, жоба тақырыбы: AP25796791 «Табиғи цеолитті экстрагенттермен модификациялау арқылы ауыр металдардан ағын суларды тазалауда сорбциялық қасиеттерін жақсарту»;

Физика-математикалық факультетінің  Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының оқытушы-дәріскер Абдуалиева Рима Ерғалиқызы, жоба тақырыбы: AP25796283 «Wolfram Alpha нейрондық желісі негізінде, математика мұғалімдерінің кәсіби даярлығының теориялық негіздемесін практикалық тұрғыда әзірлеу»;

Физика-математикалық факультетінің Жасанды интеллект және виртуалды шындық зертханасының меңгерушісі Ахметов Жалгас Ундрусулы, жоба тақырыбы: AP25796127 «Стохастика бойынша пайымдау есептерін пайдалана отырып, математика мұғалімдерін даярлаудың әдістемелік жүйесін жетілдіру моделін әзірлеу»;

Философия докторы PhD Желдибаева Райгуль Сериковна, жоба тақырыбы: AP25794537 «Жасанды интеллект тілдік емес мамандықтар студенттерінің академиялық ағылшын тілін меңгерудегі көмекшісі ретінде: рандомизацияланған зерттеу»;

Педагогика және психология факультетінің Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының оқытушы-ассистент Мухашева Меруерт Бауыржановна, жоба тақырыбы: AP25795177 «Инклюзивті білім беру жағдайында робототехниканы оқыту технологиясы»;

Құқық және экономика факультетінің Құқықтық пәндер кафедрасының, оқытушы-дәріскер, деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Болат Әлібек Алмазұлы, жоба тақырыбы: AP25795633 «Ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық келісімдердің құқықтық тиімділігі»;

Биотехнология лабораторияның меңгерушісі Жадыра Сағыман, жоба тақырыбы: AP25793809 «Бие сүтінің әртүрлі төмен температурадағы табиғи микробтық құрамының динамикалық өзгерістерін және оның физикалық-химиялық қасиеттерімен байланысын зерттеу».

Жеңімпаз жоба жетекшілеріне шығармашылық табыс пен жемісті еңбек тілейміз. Алға қойған ғылыми мақсаттары орындалып, ізденістері еліміздің игілігі үшін жүзеге асырыла берсін деп тілейміз.

#SDG #ЦУР #ТДМ