Шаңғы тебуден қысқы «Президенттік тест» жарысы өтті

Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері  және студенттері арасында шаңғы тебуден  қысқы  «Президенттік тест»  жарысы өтті. Жарысқа әр факультеттен 6 оқытушы, 6 студенттен қатысты. Онда ерлер 3км, әйелдер 2км  шаңғы тебуден  жарысқа түсті.

Жарыс оқытушылар мен қызметкерлер және студенттер арасында шаңғы спортын насихаттау, дене шынықтыру дайындығын  шыңдау мен жекелей  спорттық  шеберліктерін жетілдіру мақсатында өтіп отыр.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы  командалық  есепте І орынды Педагогика және психология факультеті, ІІ орынды Физика-математика факультеті, ІІІ орынды Құқық және экономика факультеті алды.

Шаңғы тебу жарысына барлығы 108 адам қатысты.

#SDG #ЦУР #ТДМ