Әдеби кеш  «Абай мұрасы – ұлттың рухани қазынасы». 

Жетісу университеттің Ғ.Орманов атындағы кітапханасында Абайдың 180 жылдығына арналған «Абай әлемі – мәңгілік мұра» атты кітап апталығы өтуде. 20-ақпан күні  «Абай мұрасы – ұлттың рухани қазынасы» атты әдеби кеш, Абай шығармашылығын дәріптеу, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Кеште гуманитарлық факультеттің білімгерлерінің қатысуымен Абайдың өлеңдері, қара сөздері, көрініс, күй «Абайға арнау» шығармашылық өлеңдері оқылды. Кеш соңында көпшіліктің сүйікті әніне айналған «Көзімнің қарасы» әні орындалды.

#SDG #ЦУР #ТДМ