Көңілді грамматика

26.02.2025 Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушы-дәріскері А.К. Токтанова  «Practical grammar of English language» пәні бойынша ШТҚ-113 (IP) тобының студенттерімен сайыс-сабақ өткізді. Сабақ оқу жоспарына сәйкес жоспарланды. Сабақтың тақырыбы – «Passive voice». Топ студенттері 2 топқа бөлініп, тапсырмаларды жарыса орындады. Оқытушы сабақта Google Doc, Jamboard қосымашаларын және Gamma AI, Conker AI, D-iD, Narakeet жасанды интеллект әдістерін ұтымды қолданды. Студенттер сабаққа қызығушылық танытып, белсенді қатысты.