



Педагогика және психология факультетінде, Педагогика және психология кафедрасы негізінде, академиялық ынтымақтастық аясында, 2025 жылғы 3 ақпан мен 28 ақпан аралығында шақырылған оқытушылардың педагогикалық қызметі жүргізілді.
Спатай Айгүл Оразбекқызы, Шымкент қ., Орталық Азия инновациялық университетінің философия докторы (PhD), келесі пәндерді оқытты: Әлеуметтік психология, Қиын балалармен әлеуметтік-психологиялық жұмыс, Жалпы психология. Бұл пәндер 6В01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша Пр-211, ППқ-221, ППқ-311, ПҚ (IP) 111 оқу топтарында жүргізілді.
Ибатова Гаухар Біржанқызы, Алматы қ., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің философия докторы (PhD), 6В01902 – Арнайы педагогика білім беру бағдарламасының (АПқ 311) оқу тобына Инклюзивті білім беру жағдайында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру технологиясы пәні бойынша дәріс оқыды.
Оқу пәндерін меңгеру нәтижесінде студенттер оқытушылардың жоғары кәсібилігін және алған білімдерінің технологиялық деңгейінің жоғары екенін атап өтті. Өз кезегінде, оқытушылар студенттердің оқу пәндерін меңгерудегі ұқыптылығы мен жауапкершілігін жоғары бағалады.
#SDG #ЦУР #ТДМ