2025 жылдың 27 ақпанында Талдықорған қаласындағы №20 мамандандырылған лицейінің әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор Ғ.С.Дәрібайдың ұйымдастыруымен 8 А сынып оқушыларына «Мамандықты дұрыс таңдау — жарқын болашақ кепілі» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының PhD докторы, оқытушы-дәріскері Калиева Бекзат Тынысбекқызы шақыртылды. Бекзат Тынысбекқызы қысқаша өзінің ғылым жолындағы жетістіктері мен тарих саласына келудегі мақсаты туралы айта келе, жас толқынға мамандықты дұрыс таңдау жолдары мен бағыттарын ұсынды. Оқушылар да толғандырған сауалдарын қойып, кері байланыс берді.

