Ғылым күніне орай 6В03201-«Журналистика» және 6В03202-«Қоғаммен байланыс» мамандықтарының білімгерлерінен құралған «Жас Қаламгер» үйірмесінің кезекті отырысы өтті. Дөңгелек үстел басына жиналған болашақ журналистер «Деректер жинаудың негізі қадамдары» атты тақырыпта өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Шараға қатысқан білімгерлер өздерінің кезекті газет шығарылымына материал жинауда кездесетін қиындықтар, деректерді өңдеу және деректер ашықтығын тексеру жолдары туралы ой-пікірмен бөлісті. Жалған ақпараттарды тексеруде қолданылатын арнайы сайттармен жұмыс жүргізу тәсілдері мен арнайы сайттарға тіркелудің жолдарын талқылады. Ғылыми жетекші Б.Ж.Каримова ғылыми жұмыс жазудағы негізгі шарттар мен оны орындаудың талаптарын түсіндірді.

