«Заманауи ұстаз: интеллект, шабыт, шеберлік» атты                    ХVI  Республикалық пәндік олимпиадасы

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Заманауи ұстаз: интеллект, шабыт, шеберлік» атты  ХVI  Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. 

6В013 – «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау»  бағыты бойынша өткен  білім сайысына  еліміздің барлық педагогикалық жоғары оқу орындарынан 18 команда қатысып, бақ сынады. 

Олимпиаданың ашылу салтанатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Абильтаевич Бурибаев құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің әр қиырынан келген студенттерге сәттілік тіледі.

Республикалық пәндік олимпиада 4 кезең бойынша жүргізілді.

«Заманауи ұстаз келбеті» атты алғашқы  айналымда командалар өздерін таныстырса, «Күш – білімде!» атты теориялық кезеңінде болашақ педагогтардың кәсіби білімі мен тапқырлығы тест тапсыру арқылы сынға түсті.

«Мұғалім – білім сиқыршысы» атты үшінші  кезеңде командаларға шығармашылық тапсырма берілді. Онда сайыскерлер сындарлы ойлау, шығармашылық  ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын көрсетті.

«Педагогикалық симфония»  атты кезеңде ашық бейне сабақтар сайысы өткізіліп, болашақ маман ретінде шеберліктерін шыңдай түсті.

 Олимпиада қорытындысы бойынша Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Ustaz Nation» командасы үздік деп танылып, I орынды жеңіп алды.

Абай атындағы ҚазҰПУ «AbaiStar’s» командасы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Syrwave – «Сыр толқыны» II орынды командалары  орынды иеленді.

III орын Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті — «Yessenov Jastary», Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті —  «Samruk»,  ҚазҰҚызПУ — «Inside» командалары жеңіп алды.

Басқа командалар да өздерінің жоғары нәтижелерімен көзге түсіп, түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Бұл олардың қажырлы еңбегі мен терең білімдерінің нәтижесі екендігін көрсетті.