Құрметті жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар!
Сіздерді «Технологиялық дайындық деңгейлері (TRL) және коммерцияландыру: табысты жобалардың стратегиялары» тақырыбында өтетін ғылыми семинарға шақырамыз!
🔹 Семинар форматы: оффлайн
🔹 Күні: 15 сәуір 2025 жыл
🔹 Уақыты: 15:00
🔹 Өтетін орны: Бас оқу ғимараты, 313 конференц-зал
Спикерлер:
- Диас Тастанбеков
ҚР ҰҒА Жас ғалымдар кеңесі президиумының мүшесі,
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының лауреаты, PhD доктор;
- Арын Орсариев
Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар Альянсының жетекшісі.
Семинар барысында талқыланады:
- Технологиялық дайындық деңгейлерінің (TRL) маңызы мен қолдану салалары;
- Жобаларды коммерцияландырудың тиімді стратегиялары;
- Табысты ғылыми жобаларды жүзеге асырудағы негізгі қадамдар.
#SDG #ЦУР #ТДМ