PhDSpire: ғылыми идеялар

Ғылым Декадасы аясында Педагогика және психология,  Дене шынықтыру және өнер, Жаратылыстану – техникалық факультеттерінің ұйымдастыруымен жас зерттеушілерге арналған ерекше форматтағы “PhDSpire” ғылыми іс-шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – докторанттардың зерттеу жұмыстарын көпшілікке ұсыну, ғылыми идеялармен бөлісу, пікір алмасу және болашақ ғалымдарды қолдау.

Іс-шара барысында Педагогика және психология факультетінің келесі докторанттары өз баяндамаларын ұсынды:

🔹 Ахметсапа Айгүл Есенкелдіқызы – «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту».

🔹 Исмаилова Аружан Бурханқызы – «Студенттердің өзін-өзі бағалауына қарым-қатынастың психологиялық әсері».

🔹 Махметова Дарина Талгатовна – «Soft skills: табысты адамның тұлғалық тиімділік дағдылары».

PhDSpire” ғылыми кездесуі тың идеяларға, заманауи зерттеу бағыттарына және кәсіби даму мүмкіндіктеріне толы болды. Іс-шара жас ғалымдарға өз ізденістерін таныстыруға, тәжірибе алмасуға және ғылыми қауымдастықпен байланыс орнатуға үлкен мүмкіндік берді.