«STUDY IN KAZAKHSTAN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР КӨРМЕСІНЕ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАТЫСТЫ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің өкілдері 10-11 сәуір күндері Маңғыстау облысы Ақтау, Жаңаөзен қалаларында өткен «Study in Kazakhstan» халықаралық университеттер көрмесіне қатысты.

ҚР Ғылым және Жоғары білім министірлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдастырған көрмеде еліміздің 50-ден астам жетекші оқу орындары өз университеттерін таныстырып, білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берді.

Іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев батыс өңірлерінің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту мәселесі бойынша ЖОО өкілдерімен ақпараттық науқанды өткізу мәселесін талқылады.

Көрме аясында мамандар ата-аналарға мамандық таңдауда баланың қабілетін, қызығушылығын анықтау және нарықтағы сұранысты ескеру жөнінде кеңес берді.
Жетісу университетінің өкілдері Марке политехникалық университетінің филиалы, 6B08102 Агрономия-Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары білім беру бағдарламаcы, академиялық ұтқырлық және университет инфрақұрылымы жайлы айтты.

Жетісу университетіне қызығушылық білдірген түлектерге имидждік өнімдер таратылды.

«Study in Kazakhstan» халықаралық университеттер көрмесі – өңір талапкерлеріне кәсіптік бағдар, жоғары оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат беруде, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды шара болды.

#SDG #ЦУР #ТДМ