ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АЯСЫНДАҒЫ ДӘРІС

Құқық және экономика факультетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде қазақстандық ғалымдарды оқытушылық қызметке тарту үрдісі қарқынды жүзеге асырылуда. 25 қаңтар — 03 мамыр аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылым магистрі, аға оқытушысы Алма Қыстаубаева 6В04109 «Экономика және басқару» білім беру бағдарламасының 1-курс бакалавриат білім алушыларына «Экономикадағы математика» пәні бойынша қашықтықтан дәріс өткізуде. Ішкі академиялық ұтқырлық аясындағы дәрістер студенттерге жаңа білім алу мен кәсіби дағдыларды дамытуға зор мүмкіндік береді.

#SDG #ЦУР ТДМ#