Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскері Е. Ахметов пен оқытушы-ассистенті А. Бараков «Вандализм және бұзақылық» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шара барысында вандализм мен бұзақылық ұғымдарының мәні, олардың қоғамға тигізетін зияны және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Студенттер өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы тәртіп пен заңның маңыздылығы туралы пікір алмасты.
