ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНДА 2025 жылғы 23-24 сәуір аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің PhD, оқытушы-дәріскері Абдуалиева Рима Ергалиевна «Мемлекеттік сектордағы жасанды интеллект: тиімділік пен автоматтандыру» тақырыбында онлайн курс өткізді.
Аталған курс Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдеріне арналған және мемлекеттік қызметшілердің цифрлық сауаттылығын, ақпараттық құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Онлайн оқыту барысында жасанды интеллекттің мемлекеттік сектордағы мүмкіндіктері мен тиімді қолданылу жолдары, автоматтандыру арқылы қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қарастырылды.
Курс тыңдаушыларға заманауи технологияларды басқару ісінде қолдану бойынша теориялық және практикалық білім беріп, мемлекеттік басқару үдерістерін оңтайландыруға жаңа көзқарас қалыптастырды.



