








Жетісу университетінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын студенттер арасындағы футболдан Ректор Кубогы өтті. Бұл жарыс жастардың салауатты өмір салтын ұстануға, командалық рухты нығайтуға және спорттық шеберліктерін арттыруға бағытталған.
Жарысқа университеттің 5 факультеті және Жансүгіров колледжінің командалары қатысып, екі күн бойы тартысты ойын өткізді.
Жарыс нәтижесі бойынша:
І орынды Жансүгіров колледжі командасы
ІІ орынды Педагогика және психология факультетінің командасы
ІІІ орынды Жаратылыстану — техникалық факультетінің командасы алды.
Үздік ойыншы, үздік қақпашы және үздік шабуылшы номинациялары бойынша да жекелеген студенттер марапатталды. Жеңімпаз командаларға дипломдар, кубоктар табысталды.
Ректор Кубогы – Жетісу университеті студенттерінің спортқа деген қызығушылығын арттыру жолындағы маңызды шаралардың бірі.
#SDG #ЦУР #ТДМ