Құттықтаймыз!

Жуырда «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы», ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті және «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған «Qazaqsha Mibattle» атты республикалық интеллектуалды квиз-ойындары өтті.

Аталған іс-шараға Педагогика және психология факультетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2, 3 курс студенттері белсенді қатысты.

3 курс студенттері Балжан Шаймерден, Аружан Болатқызы, Дилназ Қыдырахмет “Болашақ” командасы атынан қатысып білімдерін сынады. Команда мүшелері 50 000 теңге және Алғыс хатпен марапатталды.

2 курс студенттері Аружан Берік, Балнұр Базарбай, Айдана Елтай “Нейро” командасы құрамында қатысып ІІ орынға ие болды. 300 000 теңге және дипломмен марапатталды.

Команда жетекшісі – Педагогика және психология факультетінің оқытушы-ассистенті Меруерт Мухашева.

#SDG #ЦУР #ТДМ