Құттықтаймыз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде 6В01601 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша «Абай – мәңгілік құндылықтардың жаршысы» атты XVІ Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға еліміздің 17 жоғары оқу орнының үздік командалары қатысып, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сынға салды.

Университетіміздің «Тарих» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Айдынқызы Дильназ, Ақыт Нұрмұхамет, Абдикаримова Молдир, Найманшалова Алина «Үздік креативті топ» номинациясына ие болды.

Ғылыми жетекші PhD, оқытушы-дәріскер Калиева Бекзат Тынысбекқызы.

#SDG #ЦУР #ТДМ