

Оқу жоспарына сәйкес Executive MBA білім беру бағдарламаларының магистранттары жыл сайын шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтеді.
14-27 сәуір аралығында «Стратегиялық менеджмент» және «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандықтарының магистранттары Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінде «Экономиканың өзекті мәселелері мен заманауи жетістіктері» бағдарламасы бойынша білім алып қайтты.
Магистранттарды қабылдауды және тағылымдама бағдарламасының жүзеге асуын ТМЭУ жанындағы Педагогикалық кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру салалық орталығының директоры, э.ғ.д., профессор Нарбой Каримов қамтамасыз етті.
Тағылымдама барысында магистранттар экономиканың дамуындағы өзекті мәселелер, макроэкономикалық тұрақтылық сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықпен танысты.
Басты ерекшелік Орталық Азия елдеріндегі трансформациялық үдерістерді зерттеуге, экономикалық реформаларды жүзеге асыру тәжірибесін алмасуға, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайлар мен сын-қатерлерді ескере отырып, басқарушылық құзыреттерді дамытуға бағытталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

