«Болашақ ғалымдардың ғылыми сахнасы» ғылыми семинар

5 мамырда Педагогика және психология факультетінде «Болашақ ғалымдардың ғылыми сахнасы» атты ғылыми семинар өтті.

Іс-шараға Литваның Вильнюс университетінен Әлеуметтану ғылымдарының докторы, адам құқықтарын қорғау саласының маманы Эгле Шумскене, философия ғылымдарының докторы, инклюзивті білім беру және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары жөніндегі сарапшы Виолета Геворгяняне қатысты.

Шетелдік ғалымдар білім беру жүйесін дамыту мен адам құқықтарын қорғау бағытындағы халықаралық тәжірибе мен инновацияларды ұсынды.

Семинар барысында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолайлы жағдай жасау және құқықтық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Семинарға факультет оқытушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы белсене қатысып, факультеттің докторанттары Қ. Болысбекова, Ф. Мустафа, О. Хуанган, Б. Нұргожа баяндама жасады.

Аталмыш семинар халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, қатысушылардың ғылыми көкжиегін кеңейтуге және білім беру жүйесін дамытудағы жаңа перспективаларды айқындауға мүмкіндік берді.

#SDG #ЦУР #ТДМ