«Оқу үдерісіндегі инновациялық әдістер мен технологиялар» семинар-практикум

«Өрлеу» Кәсіби даму институтының Жетісу облысы бойынша өкілдігінің қызметкерлері мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университеті бірлесіп ПОҚ және педагогикалық білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері үшін «Оқу үдерісіндегі инновациялық әдістер мен технологиялар» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Семинардың мақсаты — оқыту үдерісіндегі инновациялық әдістер мен технологияларды қолданудың тиімді жолдарын қарастыру.

Шарада болашақ мектеп мұғалімдері үшін қажет кәсіби іс-әрекеттің бағыттары бойынша кеңес пен ұсынымдар айтылды.

#SDG #ЦУР #ТДМ